Шымкент қаласында мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі күш-жігерін біріктіру мақсатында «Пара берме» акциясы басталды.
Аталған челлендждің басталғаны туралы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асхат Жұмағали хабарлады. Оның айтуынша, бұл акция Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қолға алынған және оған еліміздің барлық өңірі белсене атсалысуда.
«Бүгін өзім бастап, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірге «Пара берме» челленджін бастадым. Бұл акцияның мақсаты – мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі күш-жігерін біріктіру. Біз БАҚ өкілдерін, сонымен қатар қала тұрғындарын осы акцияға белсенді қатысуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе күресуге шақырамыз», – деді А.Жұмағали.
Айта кетерлігі, челлендж аясында кез келген азамат әлеуметтік желілер арқылы пара берудің қандай жауапкершілік жүктейтінін жеткізе алады.
ШЫМКЕНТ