• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қазан, 2019

Нұр-Сұлтанда өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға тегін заңгерлік кеңес берілуде

189 рет
көрсетілді

Өмірлік қиын жағдайға тап болған Қазақстан елордасының тұрғындарының (көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, зейнеткерлер, жалғызбасты аналардың) Qorǵau орталығының білікті заңгерлерінен Тегін кеңес алу мүмкіндігі бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орталықтың кеңсесі Нұр-Сұлтан қ., Петров көш., 18/2, 308-кеңсе мекенжайы бойынша орналасқан. Тел.: 8-778-141-69-91.

Республикалық, облыстық маңыздағы барлық қалада, сондай-ақ Қазақстанның аудан орталықтарында Qorǵau орталықтары жұмыс жасауда. Қазіргі таңда жоба заңгерлері 2,8 мыңнан астам кеңес беріп үлгерді.

«Qorǵau» жобасын «Eurasian Expert Council» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КеАҚ мемлекеттік грантының аясында жүзеге асыруда.