• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қазан, 2019

Орталық Азия Корей түбегі үшін де үлгі бола алады

544 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда «Орталық Азия – Оңтүстік Корея» 12-форумы өтіп жатыр. Шараға Қазақстан, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан сыртқы істер министрлері, дипломаттар қатысуда.

Форумның ашылуымен құт­тықтау алғысөзінде Сырт­қы істер министрі Мұхтар Ті­леу­берді осымен 12-рет өтіп жат­қан «Орталық Азия – Оңтүстік Ко­рея» форумының рөлін нығай­туға Қазақстанның көп күш са­лып жатқанын атап өтті. «Ор­талық Азия елдерінің Корея Рес­публикасымен ынтымақтас­тығын дамытудағы айрықша қа­рым-қатынасымызға Қа­зақ­станның форумға қатысу дең­гейін Сыртқы істер министр­леріне дейін көтеруге бастама жасауы дәлел бола алады. Біздің ойымызша, «Орталық Азия – Оңтүстік Корея» форумының алаңы Корея Республикасының Орталық Азия елдерімен серік­тес­тігін нығайтуда тиімді тетік қызметін атқармақ», деді өз сөзінде Мұхтар Тілеуберді.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Орталық Азия елдерінің көпғасырлық ор­тақ тарихы мен мәдениеті мемлекеттер арасындағы ынты­мақтастық пен достықтың негізі саналатынын еске салды. Сонымен бірге Орталық Азияның қарқынды өсіп жатқан аймаққа айналғанын, бүгінде стратегиялық маңызға, жоғары адами және экономикалық әлеуетке ие екенін айтып өтті. «Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі елдермен бауырлас­тық қарым-қатынасты нығай­туға айрықша назар аударады. Біздің мемлекеттеріміздің көш­басшыларының тұрақты кез­десулері жақсы дәстүрге айнал­ған. Сенім мен серіктестіктің осы бір жоғары деңгейін ерекше бағалаймыз», деді М.Ті­леу­берді. Министр осындай форумдардың нәтижесінде мем­лекеттер басшылары бес­жақты әріптестік негізінде елдер арасында визасыз режім орнатып, серіктестіктің жарқын болашағына бастайтын жоспарлар құрылғанын еске салды. Оған қоса, Қазақстанның Корей түбегіндегі «бейбіт процесті» және Сеулдің корейаралық қаты­настарды дамыту әрі өңір­дегі шиеленісті төмендету саясатын қолдайтынын жеткізді. Еліміз үшін ядролық қару­дан азат бейбітшілікке қол жет­кізу басты басымдық санала­тындығын баса айтты. «Қа­зіргі әлемде қарудың осынау түріне иелік ету үстемдік­тің көрсеткіші болып санал­майды. Қайта жаһандық қауіп­сіздікке қатер төндіріп, халық­аралық қо­ғамдастықпен ынтымақ­тас­тыққа кедергі тудырады. Осы­­ған орай Орталық Азияда ядро­­лық қарудан азат бірегей аймақ­тың құрылуы Корей түбегі өңірі үшін де үлгі бола алады», деді министр.

Жиын соңында БАҚ өкіл­деріне сұхбат берген Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ай­бек Смадияров 20 қыркүйек күні Оңтүстік Корея астанасы Сеулде жеті жасар баланы қағып кеткен 20 жастағы қазақстандықтың тергеу изоляторында екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір нақты шешім айтуға ерте. Отандасымызға қорғаушыны Корея тарапы ұсын­бақ. Қазақстан консулы­ның айыпталушымен және тергеу­шімен кездесетіні белгілі болды. Ақпаратқа сүйенсек, айыпталушы Кореяда заңсыз жүрген. Сонымен бірге Айбек Смадияров бүгінде баланың жағдайы қалыпты екенін хабарлады.