Ресейдің «Спорт-Экспресс» газеті Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсетіп жүргендер арасында ең көп еңбекақы алатын ойыншылардың тізімін жария етті.
Бай-ауқаттылар тізімін Сергей Мозякин бастап тұр. Магнитогорскінің «Металлург» клубының сұрмергені түрлі бонустарды есепке алмағанның өзінде жылына 180 миллион Ресей рублі көлемінде еңбекақы алады екен.
Екінші орында – Найджел Доус. Қазақстан ұлттық құрамасы мен Екатеринбургтің «Автомобилист» клубы сапында өнер көрсететін шабуылшының еңбекақсы 150 миллион.
Үздік үштікті Қазанның «Ақ Барсының» жұлдызы Данис Зарипов қорытындылап тұр. Оның еңбекақысы – 130 миллион.