Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Уфа қаласында өткен Башқұртстанның халық жазушысы Мұстай Кәрімнің 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрнекті жазушының жүзжылдық мерейтойына арнаған құттықтауын оқып, ықыласын жеткізді.