Дежавю
– Бұ... бұ жерді көрген секілдімін.
– Жұмақ қой.
– Рас па?
ОЛ ұзақ ойланды...
Жамевю
ОЛ бұ... бұ жерді әлі көрмеген. Ұмытқан да болуы керек. Есіне де түсіре алмады, қап. Қатты қиналды. «Бұл – Жұмақ еді ғой...» деген сөйлем жадында жаңғырды...
Әлібек БАЙБОЛ