• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қазан, 2019

Әрбір сақтандырылған азаматқа 83,1 мың теңге жұмсалады

384 рет
көрсетілді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының Ерік Байжүнісовтың мәлімдеуінше, 2020 жылы әрбір сақтандырылған адамға көрсетілетін медициналық көмекке 83,1 мың теңге жұмсалмақ. Нәтижесінде азаматтардың денсаулыққа жұмсайтын жеке шығындары едәуір қысқарады.

Тиісті мекеменің Алматы қаласы бойынша баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, республика тұрғындары медициналық көмекке қатысты сауалдарын 1406 нөміріне жолдап, нақты жауаптар алуына мүмкіндігі бар. Тегін медициналық көмекке бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын артып отырғанына қарамастан, медицина саласындағы шығындардың 41 пайызы халықтың қалтасынан шығады. Бұл ДДСҰ белгілеген межеден екі есе көп.

Қордың мәліметінше, қазір халықтың 93 пайызы сақтандыру жүйесімен қамтылған. Оның  пайызы – мемлекет тарапынан сақтандырылатын жеңілдігі бар 11 млн азамат. Қалғаны – жалдамалы жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер мен БЖТ төлеушілер. Сақтандырылғандардың бәрі де 2020 жылдан бастап кеңейтілген көлемде медициналық көмек ала алады. Олардың қатарында салалық мамандар кеңесі, бағасы қымбат зертханалық анализдер мен МРТ, КТ сынды диагностикалық зерттеулер де бар.

«Тұрғындарға аз мөлшерде жарна төлеп, ауырып қалған жағдайда құны миллиондаған теңге тұратын көмекке қол жеткізуге болатынын айтып түсіндіруіміз керек. Мысалы, жүрек немесе бауыр алмастыру сынды күрделі операциялар қолжетімді болмақ. Әлеуметтік сақтандыру дегеніміз міне, осы», - деді Е.Байжүнісов.

Жұртшылықты жұмыстан шығып қалған жағдайда медициналық көмек көрсету тәртібі өзгере ме деген сауалдың мазалайтыны анық.  Ондай жағдайда «Жұмыссыз қалған азаматтар МӘМС пакетіне енген қызметтерді жарна төлеу тоқтағаннан кейін үш ай бойы пайдалана алады. Басқа жұмысқа тұрғаннан кейін жұмыс беруші оның атына аударым  жасай бастайды. Ал, «екі қолға бір күрек» таппаған жағдайда тиісті орындарға хабарласып, жұмыссыз ретінде ресми тіркелу қажет. Бұл санат мемлекет тарапынан сақтандырылады».