• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Ең қысқа әңгіме 23 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нұрбике Құдайбергенова

980 рет
көрсетілді

Үйілген топырақ

Әлі есімде... Екі жарым-үш жастамын. Үйдің қасында үйіліп тұрған саз топырақтың үстінде құм шашып ойнап отырмын. Күн төбемде. Әдемі көйлегін киген анам үлкен трассаға бет алды.

- Базардан саған «әй-әй» көйлек пен тәтті кәмпит әкеліп беремін...

Үйілген топырақтың жермен жексен болғанына 24 жыл. Содан бері үстіме бір көйлек пен таңдайыма тәтті кәмпит жетіспей жүр...

 

Нұрбике Құдайбергенова