ЫЗҒАР
Базарда немересі «әпер» деп қиғылық салған, бағасы удай, шұрық-тесік шалбарды көрген қарияның бойы суықтан қалтырап кетті.
Бұл суық – сонау соғыс жылдарындағы қу жоқшылықта киген жыртық шалбарының тізесінен соққан ызғардан да бетер еді...
Қуаныш ОСПАН