• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қазан, 2019

Электронды үкіметтің жаңа қосымшасы

510 рет
көрсетілді

Сіз eGov mobile қосымшасын пайдаланып үлгердіңіз бе? Мем­лекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін жаңа қосым­шаның бірқатар ерекшелігі бар. Барлығын рет-ретімен түсіндіріп өтейік.

Қосымшаның жаңа атауы – eGov mobile.

AppStore не PlayMarket-тен қосымшаны іздеген шақта сізге бұрынғы mGov нұсқасы шы­ғуы мүмкін. Бұл үшін nitec.kz өнді­рушісін тауып, ұсынылған қосым­шалардың ішінен eGov mobile-ды таңдайсыз.

Қосымшаға кіру: Қосымшаны жүктегеннен кейін сіз өз цифрлық қолтаңбаңызды 4 таңбалы PIN-кодқа немесе биометрия құрыл­ғыларына (смартфондағы Face ID, Touch ID мүмкіндіктері) тіркеп қоя аласыз. Кейін жүйеге кірген кезде сізден ЭЦҚ не құпиясөз талап етілмейтін болады.

eGov mobile-ды пайдалану: Қосымшаның өзінде ЭЦҚ-ны­ қалай жүктеуге болатыны, авторизациядан өту туралы және т.б. кеңестер бар, әр жаңа қыз­мет­ке қадамдық нұсқаулық берілген. Осы­лайша әзірлеушілер, яғни «Ұлт­тық ақпараттық технологиялар» АҚ қосымшаны қолданыста ба­рынша қолайлы етуге тырысты.

Ұсынылатын қызметтер: Қа­зір­гі уақытта қосымшада 28 қыз­мет қолжетімді. Олар: базалық зейнетақы төлемін есептеу мөлше­рі туралы анықтама, бала тууына бай­­ланысты төлемдер және бір жас­­қа толғанға дейін төленетін жәр­­демақы, сот­тылықтың болуы не­месе болмауы туралы анықтама, жыл­­жымайтын мүліктің жоғы (бары) туралы анықтама және т.б. Қыз­­мет­тер тізімі толықтырылатын болады.