• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Ең қысқа әңгіме 30 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Айсұлу Базарбаева

2470 рет
көрсетілді

 

Аждаха

(бала көзімен қарады)

Сағат 1-лер шамасы. Арман сылбыр басып, үйге енді. Бүгін де сол  жағдай, барлық бөлмені аждақаның мүңсік иісі алып кеткен. Ана жерде екі тұлға сұлық түсіп, бейне өлі жатқандай.   Арман түпкі бөлмеде өзі келем дегенше аш отыратын екі бауырын іздеп, әріқарай өте берді. Келген бойдан екеуін жуындырып, кешегі кештен қалған жуындыны тазалап, түнде тапқан 500 жүз теңгеге дүкеннен оны-мұны алуға қайта шықты. Жасы небәрі 13-те болса да, мойнына тағдыр ауыртпалықты үйіп-төгіп қойғандай. Қалаға көшеміз, сендердің болашақтарың үшін деген ата-анасы бүгінде, арақтың адал досына айналды. Екеуі де жұмыссыз осылар үшін алатын жәрдемақы, не болмаса төтеннен табылған достармен шөлмекті бөлісіп ішіп, әйтеуір ит ішпес ішімдіктің әсерінен еш шыға алар емес. Сол кішкене бөтелкедегі ащы су Арманға аждақадай көрінеді де тұрады.

 

Айсұлу БАЗАРБАЕВА,

11 жаста