Сыртқы істер министрлігінде «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырысты ашқан Министр Мұхтар Тілеуберді Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлануымен құттықтап, отырысқа қатысушыларды Сыртқы саяси зерттеулер институтының мақсаттары және міндеттерімен таныстырып, жемісті жұмыс тіледі. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Директорлар кеңесін Президенттің кеңесшісі Мәулен Әшімбаев басқарды. Институттың негізгі міндеті Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу, әлемдік саясат пен экономикада, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласында өзекті трендтерді анықтау болып табылады.