• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Экономика 02 Қараша, 2019

Ұлттық төлем жүйелері арқылы минут сайын 5,4 млрд теңге ақша өтеді

1092 рет
көрсетілді

2019 жылғы 9 айда Қазақстан Ұлттық Банкінің төлем жүйелері арқылы 597,2 трлн теңге сомаға 30,6 млн транзакция жүргізілді. Бұл ретте күн сайын ұлттық төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 3,3 трлн теңгеге 167,7 мың төлем жүргізіледі, яғни минут сайын операциялық күндері 5,4 млрд теңгеден астам ақша өтеді.

 

«Тұтастай алғанда, 2019 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің (банкаралық ақша аудару жүйесі және банкаралық клиринг жүйесі) жұмыс істеу коэффициенті 99,99%-ды құрады. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден асады және төлем жүйелері жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды»,– деп хабарлады Ұлттық Банктің Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков.

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның төлем нарығында барлығы 17 төлем жүйесі жұмыс істейді, оның ішінде операторы Ұлттық Банк болып табылатын ұлттық төлем жүйелері және ақша аударымдары жүйелері және төлем карточкалары жүйелері жататын жеке төлем жүйелері.

 Бүгінде әлемде мыңдаған банктер мен қаржы ұйымдары америкалық төлем жүйесіне тәуелді.

Тұрғындардың  қолындағы банкомат карточкасына жалақы, осы танымал жүйе арқылы аударылады. Мамандар Қазақстанда күніне 1 триллионнан астам теңге айналымда жүргенін, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі кез келген мемлекеттің  ұлттық экономикасын нығайтатынын айтады. 

 Moody's халықаралық рейтинг агенттігінің сарапшылары  төлемдердің транзакциясын дебеттік және несиелік төлем карталарымен жүзеге асыру арқылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің көрсеткішін 210 млн долларға жеткізуге болатынын айтып жүр. Төлем жасаудың дәл осы түрі ұлттық экономиканы тек алға жетелейді.  

Биыл қолма-қол ақшасыз есептесудің көрсеткіші 71%-ға өсіп, бір трлн теңгеге жеткенін жоғарыда айттық. Бұл фактор ел экономикасында 1,2 трлн теңгені айналымға жіберуге мүмкіндік берді.  пайдаланылды.   Мұны аз десеңіз қазір электронды саудаға басымдық беріліп, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесіне QR-код енгізіліп жатыр. Осының барлығы дәстүрлі төлем жасау жүйесін бірте-бірте ығыстырып келеді.

 «QR-кодты кез келген тасымалдаушыға – жейдеге, қағазға және өзге заттарға түсіруге, сол арқылы мобильді телефон не картаның көмегімен операцияларды іске асыруға болады», дейді сарапшылар.

Қазақстандықтарың басым көпшілігі  Американың «Visa» немесе «Mastercard» трансұлттық  төлем жүйелерінің карточкаларын пайдаланады. Бұл  карточкалар қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың ыңғайлы әрі тиімді құралы. Жыл басынан бері «Visa» және «MasterCard» төлем құралдары арқылы қазақстандықтар 5,5 трлн теңге жұмсаған. Мұның 4,2 трлн теңгесі «Visa», 1,3 трлн теңгесі «MasterCard» арқылы айналған.

Жаздың екінші айында қолданыстағы белсенді карточкалардың саны 9,0%-ға көбейген. «Шілде –тамыз айында «Visa» карточкасынан 622,1 млрд, ал «MasterCard» төлем құралынан  226,7 млрд теңге қағаз ақшаға айналдырылған» дейді ресми статистика.

Бұл халық трансұлттық  төлем жүйелерінің қызығын көріп, оны кәдесіне жаратып жатыр деген сөз.

Сарапшы Ілияс Исаев бізбен әңгімесінде «Қазақстан арнайы заң қабылдап «MasterCard» пен «Visa» карточкаларын  Ұлттық банкке тіркейтін болса, комиссиялық алымдар өзімізде қалатынын айтады. Себебі  алдағы 10 жылда қазақстандықтардың 90%-ы дәстүрлі төлемсіз есеп айырысуға көшетіні қазір белгілі болып қалды. Қазірдің өзінде  10 адамның 9-ы банк картасы бар немесе смартфон арқылы төлем жасайтын болған.

«Қазіргі қолданыстағы  төлем жүйесі  ұлттық экономикаға ешқандай пайда әкелмейді екен. Себебі қағаз ақшамен есептесуге кететін шығын жалпы ішкі өнімнің 1%-ын құрайды. Шығындарды қысқарту үшін төлем транзакцияларын интернет-банкинг немесе карточка арқылы жүргізген дұрыс. Халықаралық төлем жүйелеріне төлем транзакциясынан түсетін табыстың бір бөлігін бермес үшін ұлттық төлем жүйесін қалыптастыру керек»,– дейді Ілияс Исаев.

АЛМАТЫ