• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қараша, 2019

Қазақстаннан Ресейге жарты тонна қара уылдырық экспорттауға тырысқан

238 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы бойынша МКД экспорттық бақылау басқармасының лауазымды тұлғалары ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге әрекет жасаған кезде «Жайсан-авто» өткізу пунктінде тауарға ілеспе құжаттарда жалған мәліметтер беру фактісі бойынша автокөлікті ұстады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. 

Жүргізуші «мейіз, жержаңғақ, күріш жармасы» атты тауарларға ілеспе құжаттарын ұсынды. Тауарға берілген құжаттарға сәйкес жүкті жөнелтуші Шымкент қаласынан жеке кәсіпкер, алушы – Мәскеу қаласында жеке тұлға.

Аталған автокөлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 516 кг, сомасы 156 млн теңге болатын 43 қорап қара бекіре уылдырығы табылды.

Жалпы осы заң бұзушылықтар үшін ҚР ҚК 339-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген, ол үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға (7,6 млн теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Аталған факті бойынша материалдар Ақтөбе облысы бойынша Ішкі істер департаментіне тапсыру үшін дайындалуда.