• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Тағайындау 07 Қараша, 2019

Айдын Кәрімов Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

336 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің өкімімен Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Айдын Кәрімов 1988 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономика академиясын, КАЗГЮУ университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Түрлі жылдары ТЖМ «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау» РМК, «АйТи-Сервис» ЖШС, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық сүйемелдеу орталығы» РМК, Астана және Семей қалалары әкімінің аппараттарында қызмет еткен.

2012-2016 жылдары Экономикалық даму және сауда министрлігінің (қазіргі Сауда және интеграция министрлігі) Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаменті директорының орынбасары, басқарма басшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымында жұмыс істейді: 2016-2017 жылдары — Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2017-2019 жылдары — Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі – Премьер-Министрдің хаттама шефі. 

2019 жылдың сәуір айынан Премьер-Министр Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.