• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қараша, 2019

Жолдарды қысқы кезеңге дайындау жалғасуда

343 рет
көрсетілді

«Қазақавтодор» ЖШС республикалық маңызы бар жолдарды 2019-2020 жылғы қысқы кезеңге дайындау аясында көліктің қауіпсіз және кедергісіз қозғалуына ықпал ететін қажетті жұмыстарды жүргізуде.

Биыл қысқы кезеңде халықаралық және республикалық жолдардың 24,9 мың ша­қырымы күтіп ұсталады деп жос­парлануда. Жолдардың 21,1 мың шақырымы «Қазақавтодор» компа­ниясының балансында. Ал 3,4 мың шақырым жол осы нысандарда қайта жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлік ұйымдардың күті­міне алынатын болады.Сонымен қатар жолдардың 422 шақырымы күр­делі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан ауыспалы нысандарға жатады.

Қысқы кезеңге дайындық жұ­мыс­та­ры биылғы мамырда басталған болатын. Шілде және тамыз айларының аралығында жол шаруашылығы нысандарының қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі тексерілді.

Бүгінгі таңда өндірістік базаларды, қазан­дықтарды, жылыну пункттері мен қоймаларды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Мұнымен қоса, техниканы қысқы кезеңге дайындау жұмыстары жалғасып жатыр. Қысқы кезеңде жұмыс істейтін техниканың жалпы саны 1085 болса, олардың 123-і бірлігі жөнделуде. Техни­ка дайындығы 91%-дан асады.

Жолдарды қысқы кезеңге дайындау шара­ларының маңыз­ды бөлігі көктайғақ сияқты құбы­лыс­тарға жедел ден қоюға қажетті материалдарды дайындауға байланысты болады. Тайғаққа қарсы материалдар дөңдері, бұрылыстары және еңіс­тері бар аса қауіпті жолдарға шыға­ры­лады. Кәсіпорынның күшімен еңістер мен резервтерді ағаштар мен бұта­лардан, жол жиектерін шөптен тазарту жұмыстары жүргізілді. Жолшылар уақытша «Тайғақ жол», «Жылдамдықты шектеу» сияқты белгі­лерді, сондай-ақ қардан қорғау қал­қандарын дайындады. Өңірлердің климаттық жағдайларына сәйкес су өткізгіш құбырлардың тесіктерін жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр.