• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қараша, 2019

Жамбылда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артуда

425 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда Жамбыл облысының дамуына салынған инвестициялар көлемі артып келеді.

Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Жеңіс Сариевтың айтуынша, 2019 жылдың 9 айында облыста негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 205,9 миллиард теңгені құраған. Тартылған инвестиция көлемі 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,3 пайызға артып отыр. Жалпы, ағымдағы жылғы жоспар 268,0 миллиард теңге болады деп күтілуде.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 9 айында өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 70534-ке жетіп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7688 шағын және орта бизнес субъектілеріне артқан. «Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында гранттық қаржыландыруға 339 миллион теңге бөлініп, өңірдегі 165 кәсіпкерге мемлекеттік грант берілді. Грант алған жобалар аясында 402 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда», дейді басқарма басшысы.