• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Бокс 10 Қараша, 2019

Мадияр Әшкеев қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді

415 рет
көрсетілді

Бірінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) аргентиналық Родольфо Мартинеспен (43-9-3, 16 КО) жекпе-жек өткізіп, мерзімінен бұрын жеңді деп хабарлайды Vesti.kz.

Қос боксшы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Гавайан Гарденс қаласында 10 қарашада таңғы уақытта бірінші орта салмақта WBC (USNBC) тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге таласты. Жекпе-жек барысында Әшкеев қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді, сосын алтыншы раундта аргентиналық боксшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді.  Әшкеев үшін бұл 14-кездесудегі 14-жеңіс. Мартинес болса спорттық мансабында тоғызыншы рет жеңіліп отыр, ол осыған дейін 43 кездесу өткізген. 

Соңғы жаңалықтар