• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Қараша, 2019

Еркебұлан Шамұханов Монреальдағы әлем кубогінде үздік бестікке енді

222 рет
көрсетілді

Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлем кубогінің екінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

500 метрге жарысқан Абзал Әжіғалиев 11-ші, Денис Никиша 46-шы орыннан көрінді. Бұл сында венгриялық Шаолин Лю жеңіске жеткен. 

1000 метрлік сында қазақстандық Еркебұлан Шамұханов жоғары нәтиже тіркеп, үздік бестікке енді. Ол Ресей және Оңтүстік Корея спортшыларына есе жіберді.

Ал Мерсаид Жақсыбаев 16-шы орында.  5000 метрлік эстфетада Қазақстан 9-шы орынға тұрақтады. Бұл сында Венгрия, Оңтүстік Корея және Ресей спортшылары үздік үштікке енген.