• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қараша, 2019

Басшылық құрам аттестатталды

328 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен «Ішкі істер органдарының басшы құрамын кезектен тыс аттестаттау қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

17 қазан мен 1 қараша аралығында Президент жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы өткізген аттестаттауға Президент Әкімшілігінің Басшысы  төрағалық етті. Сондай-ақ комиссия құрамына Қауіпсіздік Кеңес Хатшысы, Президент Әкімшілігі Басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары және Құқық қорғау және арнайы органдарының басшылары кірді.

Мұндағы мақсат – полиция қызметкерлерінің сервистік модельге көшу жағдайында орган басшыларының кәсіби дайындық деңгейін, құқықтық мәдениетін және халықпен жұмыс істеу қабілетін анықтау. Сондай-ақ басшылар құрамын жаңарту және кадр резервін қалыптастыру мәселесі де назардан тыс қалмады.

– Кезектен тыс аттестаттауға комитеттер (әкімшілік полиция және көші-қон қызметі), орталық аппарат және өңірлер департаменттерінің, ІІМ жоғары оқу орындарының басшылары лауазымдарын атқаратын қызметкерлер және олардың орынбасарлары қатыстырылды. Өздеріңіз білетіндей, кезектен тыс аттестаттау мерзімі сәуір айынан қазан айына ауыстырылған еді. Алайда, жүргізіліп жатқан кадр және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде біз басшылық құрамды айтарлықтай жаңарттық, – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, бұл жұмыс жұртшылықты кадрлық өзгерістер туралы ақпараттандыра отырып, ашық жүргізілді. Нәтижесінде, бірінші басшылардың 60%-ы (21 орган басшысы) жаңартылды. Оның ішінде, ІІМ орталық аппаратының (әкімшілік полиция, штаб, криминалдық полиция, тергеу, экстремизмге, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, өзіндік қауіпсіздік, кадр сая­саты, ішкі аудит, жедел-криминалистикалық және 2 жедел департаменттердің) басшылары бар. Бұдан бөлек, аумақтық полиция департаменттерінің 9 бастығы ауыстырылды. Олардың қатарында Нұр-сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының және көліктегі полиция департаменті басшылар бар.

Сондай-ақ орталық аппаратта 15 бастықтың орынбасарлары мен аумақтық полиция департаменттерінің 35 орынбасары жаңартылды. Бұл ретте, жоғары оқу орын басшыларының 40%-ы ауысқанын алға тартамыз. Барлығы 4 бірінші басшы мен 6 орынбасар (Қарағанды академиясында – 3, Алматыда – 2 және Қостанайда – 1) ауысты.

Өз кезегінде, әңгімелесу қорытындысы бойынша 19 басшы жоғары лауазымға ұсынылды.

 

 Рауан ҚАБИДОЛДА,«Egemen Qazaqstan»