• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 12 Қараша, 2019

Шалғайдағы ауылдар мәселесі толғандырады

449 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері еліміздің Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің басшыларымен кездесіп, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру барысын талқылады.

«Көптеген ауылдың, әсі­ре­се шекарадағы ауылдық жер­лер­дің «Ауыл – ел бесігі» жо­басы­на енбегені бізді толған­ды­­рып отыр. Ол жерде де біздің аза­мат­тары­мыз тұрады, олар да мектептер мен ауруханаларға мұқтаж», деді комитет төрағасы Әли Бектаев.

Ұлттық экономика министрі­нің орынбасары Ермек Алпысов­тың айтуынша, 2027 жылға дейін жобаны жүзеге асыруға 900 млрд теңге бөлінеді. Оның 70 пайызы республикалық бюд­жеттен, қалған 30 пайызы жер­гілікті бюджеттен болады. Әкім­діктер­мен бірлесе отырып, жыл соңы­на дейін ауылдық аумақтар мен елді мекендердің тізімі жаңартылады.

«Жоспар бойынша 2027 жыл­ға дейін «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру қорытын­дысы бойынша 7 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқаты жақса­рып, ауыз сумен, дамыған ин­ф­ра­құ­рылыммен қамтамасыз етіледі», деп сендірді Е.Алпысов.

Аграрлық мәселелер, таби­ғат­ты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту коми­теті­нің төрағасы Әли Бект­аев өз кезегінде министрлік өкіл­дері­не елді мекендерге барып, бөлін­ген қаражаттың игері­луін тек­серу жөнінде кеңес берді. Сена­тор сондай-ақ комитет бағ­дар­ламаның орындалуына мони­торинг жүргізетінін атап өтті.