• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қараша, 2019

Ұлылар мұрасы – ұрпаққа өнеге

1292 рет
көрсетілді

Түркістанда Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы да­ла­ның жеті қыры» бағ­дар­ламалық мақала­сын­да көрсетілген «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтау мақсатында және Жастар жылына орай дәстүрлі «Ясауитану-2019» рес­пуб­ликалық байқауы өтті.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК және Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ ұйымдастырған республикалық байқауда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан қалалары мен еліміз­дің барлық облысынан 40-тан астам оқушы бақ сынады. Биыл жиырма үшінші рет өтіп отырған байқаудың ашылу салтанатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахмет­жа­нов қалалық деңгейде бас­тау алған сайыс облыстық, рес­публикалық, халықаралық дәре­же­ге жеткенін атап өтті. «Өз за­манында-ақ халықтың ерекше ілтипатына ие болып, «Әулиелер Сұлтаны» атанған, кейінгі ұр­пақ­тың да руханият әлеміндегі бағдарын айқындауда жетекші рөл атқарған Қожа Ахмет Ясауи баға жетпес байлық, өшпес мұра қалдырып кеткені белгілі. Әулиенің ізбасар шәкірттері Түркістан атырабынан асып, оның ілімін төрткүл дүниеге мәшһүр етті», деді Нұрболат Ахметжанов.

Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерт­теуге ынталандыру, интеллектуалды пайым-парасатын арттыру, кесенеде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелең ұрпақ­тың бо­йына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған байқаудың бі­рінші кезеңінде үміткерлер «Баба мұрасы – балаға аманат» та­қырыбы аясында Қожа Ахмет Ясауи­дің хикметтерін жатқа айтудан сынға түссе, «Білім мыңды жығар алысқанда» деп аталған келесі кезеңде сұрақтарға жауап берді. Қазылар алқасының шешімі­мен Алма Қосабай (Түр­кіс­­тан облысы) бас жүлдені же­ңіп алды. Ал 1-орынды Өмірзақ Түленов (Түркістан облысы), 2-орынды Ұлжан Аман­жо­­лова (Шымкент қаласы) мен Медеу Нұрмолда (Алматы облысы) ие­ленді. Үш 3-орынды Сымбат Бей­бітшілік (Қызылорда об­лы­сы), Тоғжан Нұғман (Алматы облы­сы) мен Дилназ Үсен­бае­ва (Жамбыл облысы) енш­і­ле­ді. «Ясауи хикметтерін жаттау арқылы шыдамды болуды, қанағат етуді үйреніп, тарихы терең Түркістан жайлы көптеген дерек білдім», дейді бас жүлдегер Алма Қосабай. Ал ең жас қа­ты­су­шы Алматы қаласынан кел­ген Сабыржан Даниялұлы байқаудан көп тәрбие алғанын айтады. «Адамгершілік, әдептілік, әділ­дік пен мейірімділік әрбір адам­ның бойынан табылуы тиіс қасиет­тер екендігі хикметтерде жиі айтылған», дейді Сабыржан.

Жеңімпаздар қаржылай сый­­лықтармен марапатталып, Қ.А.Ясауи атындағы Ха­лықаралық қазақ-түрік уни­вер­си­тетінің грантына ие болды. Оқушылардың жетекшілеріне де Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

 

Түркістан облысы