• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қараша, 2019

Сенаторлар газбен қамтамасыз ету желілері құрылысының барысымен танысты

296 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері Дәурен Әділбеков пен Еділ Мамытбеков елорда әкімі Алтай Көлгіновтің, энергетика министрінің орынбасары Мұрат Жүребеков, сондай-ақ «Байқоңыр» және «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы газбен қатамасыз ету желілері құрылысының барысымен танысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына Үндеуінде елімізді одан әрі газбен қамтамасыз ету міндетін қойған болатын.

Сенаторлар аталған жобаны іске қосу мерзімдері, оны қаржыландыру және тұрғын үйлерде есептеуіш құралдарды орналастыру жөнінде бірқатар сұрақтар қойды. Қала әкімінің айтуынша, газдандыру үш кезеңмен жүргізілетін болды. Қаланы газбен қамтамасыз ету келесі жылу маусымының басына жоспарланып отыр.  

Сенаторларға сондай-ақ үйлерде арнайы есептеуіш құралдарын орнату жобалық-сметалық құжатта көрсетілгендей мердігер компаниялардың есебінен жүргізілетіні айтылды. Газбен қамту қаланы ластайтын зиянды заттардың көлемін 6 есеге азайтуға мүмкіндік береді.