• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қараша, 2019

Түркістан: аудандық бөлімшелерге 16 жаңа жедел жәрдем көлігі берілді

201 рет
көрсетілді

Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына толық жабдықталған, заманауи талапқа сай жаңа көліктер берілді. Көліктер соңғы үлгідегі өкпені жасанды желдету аппаратымен, электрокардиограф, аспиратор және тағы да басқа аса қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев және облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен медицина саласының қызметкерлері қатысты. Бүгінде облыста жедел жәрдем көрсету станциясы мен оған қарасты аудандық бөлімшелер халыққа қызмет көрсетеді. Адам өміріне бірден-бір жауапты сала ісі ілгері дамуы үшін 16 жаңа жедел жәрдем көлігі қолданысқа берілді. Жиыннан соң «Газель-NEXT» маркалы автокөліктер облыстық жедел жәрдем станциясының аудандық бөлімшелеріне жол тартты. Алдағы уақытта облыстың медицина саласын қосымша 26 арнайы көлікпен қамту жоспарлануда.

Айта кетелік, өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық барысы жиі талқыланып, үгіт-насихат жұмыстары қызу жүргізілуде. Дегенмен, кей аудандарда бұл мәселе бойынша халық арасында түсіндірме жұмысының жеткіліксіз екендігі айтылуда. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметінше, жаңа жүйемен облыс халқының 82%-ы қамтылған.