Нөкіс қаласында (Қарақалпақстан, Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының отырысы өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар Науаи облысымен және Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстанымен шектесетін Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының шегіндегі учаскеге Мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындады.
Комиссия Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегациялары отырыстарының 2020 жылға арналған Жоспар-кестесін бекітті.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Келіссөздер дәстүрлі достық және конструктивтік атмосферада өткенін хабарлады.