• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Шілде, 2013

Оңашадағы ойлар

383 рет
көрсетілді

Адам ойсыз күн өткізбейді. Көңіл қалықтап, қиял шартарапқа самғайды. Бір ой бар, келді, кетті, із-түзсіз жоғалады, бір ой бар, қайта-қайта орала береді, көкейіңнен кетпейді. Аяқ астынан болмашы нәрседен тұтанып, кең өріс алып кететін ойлар да бар. Мен солардың кәдеге жарар-ау дегендерін тізіп жаздым. Мұндағы мақсат – мен білгенді ел білсін, білетіндерін еске түсірсін деген ниет.

Қазақтың суреті

Өнер туындысының бір де біреуіне немқұрайды қарауға болмайды. Өнер өмірмен біте қайнасқанда ғана шыншыл. Өкінішке карай, кейде өрен туындыдан өлер туынды көп. Өкініштің көкесі – сол сұрқай шығармаларға көз үйреніп кететіндігі. Ал, мұның өзі ұлтымызға немқұрайдылыққа ұласса, мәңгүрттік, әне, сол.

Менің бұлай ашына сөйлеуіме себеп – Тараз мемлекеттік университетінің акт залына ілінген Абай мен Жамбылдың портреттері. Мұнда профессор Мекемтас Мырзахметұлының 75 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференция өтіп жатты. Отырғандар ішінде басқа облыстардан, көрші респуб­ликалардан келген қонақтар да бар еді. Солардың бірі – ташкенттік қандасымыз Қалдыбек Сейданов Жамбылдың портретіне қарап тұрып, қасындағы адамнан:

– Анау кім? – деп сұрады.

Көзі үйреніп кеткен тараздық ғалым:

– Жамбыл, – деді.

– Қазақ емес, басқаға ұқсайды ғой! – деді қонақ ашынып.

– Иә, солай. Оны өзіміз де байқаған­быз.

– Алып тастамайсыңдар ма?

– Айтылады. Неге екенін білмейміз, алып тасталынбайды.

– Қызық екен.

– Қызық.

Әңгіме осымен тәмам болды.

Қызық! Абай мен Жамбыл портреттеріне бір қарап қойып, ойымызды да, сөзімізді де тәмам етіп жүргенімізге он жылдың жүзі болды.

Әне бір жылы таяу шетелде тұратын бір суретші біздің ұлыларымыздың суреттерін салып әкеліп, облыста өзінің шығармашылық кешін өткізді. Суретшінің өзі – қазақ, өнері – көршілес ел руханиятының қолтаңбасы. Мүмкін, ол біздің ұлтымызды сүйген патриот та болар, ұлыларымыздың портреттерін сондықтан да салған шығар, бірақ тағдыр айдап барып басқа елде тұрып қалған қазақ қазақты бейнелей алмаған.

Ал, біз болсақ, ұлыларымызды қорлатып қойып, қарап отырмыз. Көнбістік деген осындай-ақ болар.

Жалпы, бір ғана Евгений Сидоркиннен басқа ешкімге мұндай бақыт бұйырмаған. Кім білсін, оның қазақ кескінін соншама келістіріп салуына жары, қазақтың талантты суретші қызы Гүлфайруз Исмайылованың әсері болған шығар. Не десек те, әлі күнге дейін қазақ батырлары жырларын Евгений сияқты күйеу баламыздан асырып безендірген суретші болған емес.

 

Тың көтеру – қасірет

Халыққа керегі – шындық.

Дәл қазір шындықты айтудан қашқақтау – бейшаралық.

Кеңес Одағы кезінде басшы кадр­ларды Алматы жоғары партия мектебі жанындағы бір айлық курста оқытып, қайта даярлықтан өткізетін. Сол курсқа барғанмын. Оның оқу бағдарламасымен қоса мәдени-көпшілік жұмыстар бағдарламасы да бар.

Бір күні сабақтан соң Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет галереясына апарды. Галерея қызметкері курс тыңдаушыларын бастап жүріп, әр суреттің қасына аялдатып, ұзын сонар әңгіме соғады. Біз түк көрмегендей, түк білмейтіндей, аузымызды ашып, көзімізді жұмып тыңдаймыз.

Өстіп жылжып, Қанапия Телжановтың «Атамекен» атты полотносының алдына келіп тоқтадық.

Бізді бастап жүрген келіншек әй бір көсілді дейсің:

– Қанапия Телжановтың бұл полотносында Коммунистік партияның дана басшылығымен Қазақстандағы тың игеру керемет шынайы көрініс тапқан. Қараңыздаршы, әріде пойыз заулап барады, беріде алып тракторлардың өткір соқаларымен аударылған жер жатыр. Күні ертең бұл жерде қалың бидай жайқалады. Қазақ даласы Отан қоймасына миллиард пұт астық құяды. «Атамекен» – теңдесі жоқ туынды.

Мен ойланып тұрмын. Мына келін­шектің айтқанының нобайы дұрыс. Әрі­дегі пойыз да, мына жыртылып тасталған жер де бір қарағанда қазақ даласын тірілтетін тірлік. Бірақ, иә, бірақ ата-баба жерін бір көріп, мүмкін соңғы рет көз салып қайтуға беттеп келе жатқан қария есік пен төрдей кер аттың үстінде асығы алшысынан тұрып емес, тұнжырап келеді. Желігіп, ойнақтап келе жатқан құлын кенет қалың шөптің тасасынан шыға келіп, жоны арса-арса болып сойылып жатқан қара жерді көріп, екі көзі шарасынан шыға шошып, шапшып барып дірілдеп тұра қалған.

Қанапия Телжанов ғажап суретші екен. Күнәсіз құлынның осы жан шо­шыр­лық көзқарасымен аяусы з жыртылып, ту талақай болған қазақ даласының халін қалай керемет бейнелеген.

Мен осы ойларымды арттағы екі-үш жігітке айта бастадым. Жанымдағы жам­былдық інішек жеңімнен тартып, сы­бырлады.

– Абайлаңыз! Үш әріп адамдары естіп қоймасын.

Шынында, ондай қауіп бар еді ол кезде. Мен сөзімді шорт үздім.

Осы жай анда-санда ойыма түсіп кетіп жүретін. Жуырда «Егемен Қазақстан» газетінде орыстың ұлы жазушысы Михаил ІІІолоховтың билікке күйінген бір сәттерінде отқа жағып жіберген қол­жаз­баларын айта келіп: «Такая же участь постигла и рукопись, повествую­щая о зверьских методах освоения казахстанской целины» – деген сөзі жарияланды.

Михаил Шолохов білгенді Қанапия Телжанов та білген екен.

Шолохов – ұлы жазушы.

Телжанов – ұлы суретші.

Тың көтерудің қазақ даласының ту-талақайын шығарғанын қазір екінің бірі біледі.

Ал ұлылар мұны дер ке­зінде ұққан. Шығар­ма­лар­ында тура да, тұспалдап та біл­дірген. Ұлының ұлылығы да осында ғой.

 

Алтын қор

Беделді адамдар – алтын қор. Мұны ақылды басшылар жақсы білген.

Айтбай Назарбеков сондай басшы болған.

Мойынқұм ауданын ұзақ жылдар табысты басқарған бұл адам жөнінде айтылар әңгіме көп.

Айтбай Назарбеков мыжырайған жатаған үйлі Фурманов ауылын 70-80-жыл­дары сол заманғы әсем кентке айнал­дырған. Айтекеңе бұл істе дала академигі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев өлшеусіз көмек көрсеткен.

Құрылыс, жол салатын болсын, басқа да игілікті іс бастамақ болсын, Айтекең Жазекеңді машинасына отырғызып алып, Алматыға тартады екен. Содан ағызып отырып, ақсақалды Димаш інісінің қа­был­дау бөлмесіне алып келіп, айтады екен:

– Ал, Жазеке, Димаш ініңізден емхана салатын қаржы сұраңыз.

Жазекең бірінші хатшының каби­не­тіне кіреді. Димекең Жазекеңді ілти­пат­пен қарсы алады, бұйымтайын сұрайды.

– Әй, Қонай, – дейді Жазекең жарық­тық, – Порманопкаға емхана керек. Бер.

Димаш Ахметұлы береді.

Фурмановкада қандай да бір күрделі құрылыс салуды ойға алған екен, Айтекең Жазекеңді алға салатын болған. Соның бір де біреуінде Димаш Ахметұлы қабақ шытып көрмепті. «Ұлық болсаң, кішік бол», – деген осындай-ақ болар!

 

Еркек – әйелдің пірі

Әйел – ерін шексіз сыйлаған, беттен алу, қарсы тұру атымен болмаған. Әйел өзін еркектен аласа ұстаған, алдынан кесіп өтпеген. Осынысымен әйел еркектің сыйластығын туғызған.

Ауыл көшесінің басынан түскен ақсақалды алдын кеспей, күтіп тұрып, сәлем жасап, ілгері оздырып жіберетін әйелді өзіміздің көзіміз көрді.

Қария: «Көп жаса, қарағым!» – деп бата беріп өтетін. Ақсақалдың көңілі көркейіп, келіннің мерейі өсіп калатын.

Қазір өзіміз қария болдық. Келіндер, көшені айтамыз, есіктен бұрын өтуімізге мұрсат бермей, тайраңдап алды­мызды орайды. Оларға бірдеңе деп ренжімек түгілі, ала көзіңізбен қара­саңыз, пәлеге қаласыз. Ой-өрісі «Арт­та қалған, мәдениетсіз», – деп өзіңіз­ді күстаналайды. Онысы – Еуропа ха­лықтарынан үйренген үлгісі. Оларда еркек әйелге жол береді, бізде – әйел еркектің алдын кесіп өтпейді.

Әйелді біздің қазақтай қастерлейтін халық кемде-кем. Ерлі-зайыптылар, яки қыз бен жігіт атқа мінгесуге мәжбүр болса, ұрғашы алға, ерге, еркек артқа, бөктергіге отырады. Осында, аңдап қа­ра­ғанға, әйел затын сый­лаудың теңдессіз тәлімі бар.

Ал, енді жаңағы әйелге есіктен бұрын өтуге жол бе­ретін халықтардың еркектері әйелдерін аттың артына екі аяғын салақтатып мінгестіріп алады. Әйелді қорлаудың, зәбір көрсетудің бұдан артық көрінісі бола қоймас.

Қазақ ат артына отырғызуды жарына емес, жауына жасаған.

Меніңше, біздің атқа мінетін ер жігіттеріміз жарын, жалпы, әйел затын алдына отырғызудан танған емес. Ал, әйелдеріміздің еркектің алдын орап тайраңдауын үдетпесе, кемітетін түрі жоқ.

Осыдан бірнеше жыл бұрын облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы кезімде кабинетіме қадірменді ақсақал Жапар аға Түйебеков келді.

– Әлдихан, осы қазір кіріп келе жатсам, бірінші қабатта бір әйел күтіп тұрып жол беріп, сәлем жасап өткізіп жіберді. Ол кім? – деп сұрады.

Көпті көрген ағаның үнінде риза­лықпен қоса таңданыс бар еді.

Қазақы дәстүрді ұстанған әйел таң­дандырған ағамызды.

Ойланып қалдым: Кім болды екен? «Ақ жолда» ондай әйел жоқ, бәрі – осы заман мәуесі. Бірінші қабаттағы об­лыстық радио кеңсесінде ондай екі әйел бар: Нұржамал мен Несіпкүл. Екеуі әрі өтіп, бері өткенде маған да жол беретін.

–  Ол – Нұржамал деген қызыңыз. Өзіңіз Шуда аупарткомның бірінші хат­шысы болғанда Лени