• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Саясат 25 Қараша, 2019

Кеңесші органдар жұмысы қаралды

256 рет
көрсетілді

Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органдардың жұмысына арналған кеңес өткізді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырым­бек Көшербаев Қазақстан Рес­публикасының Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органдардың жұмысын одан әрі жетілдіру мәселесіне арналған кеңес  өткізді.

Мемлекеттік хатшы «Уақыт талабына сәйкес, республикалық комиссиялар жұмысын жандандырып, жаңашылдықтар енгізу – бәріміздің ортақ міндетіміз. Ең бастысы комиссия шешімдері еліміз үшін нақты нәтижелер беруі тиіс», – деп атап көрсетті.

Кеңесте республикалық ко­мис­сиялардың құрамын зия­лы қауым, азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйымдардың өкіл­дерімен жаңарту, Мемлекет бас­шысының талабына сәйкес билік пен қоғам арасындағы диа­логты одан әрі тереңдету, комис­сиялар жұмысын заманға сай жетілдіруде халықаралық тәжі­рибені зерделеу мәселелері тал­қыланды, деп хабарлады Пре­зиденттің баспасөз қызметі.