Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орын алған Ержан Максимді құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.
«Ержан Максим беделді Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл теңдесі жоқ тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.