• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2013

«Хельсинки +40» – ЕҚЫҰ беделінің белесі

289 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының 22-ші сессиясына қатысты.

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының 22-ші сессиясына қатысты.

Бес күнге жоспарланған кезек­ті сессия өткен сенбіде басталған бо­латын. Оған әлемнің 60-қа жуық елінен делегация қатысуда. Сессияда негізінен Еуразия және Еуро-Атлантика кеңістігіндегі қауіпсіздік, адам құқықтары мен дамудың көкейкесті мәселелері талқыланды.

Сессия салтанатты түрде ашыл­­мас бұрын сол күні Тұ­рақ­ты комиссияның отырысы болып өтті. Онда ұйымның ке­лер жылға жоспарланған бюд­­жеті бекітіліп, сессияда қара­латын негізгі мәселелер тізімі талқыланды. Онда сөз сөйлеген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Спенсер Оливер аталған ұйым беделінің артып ке­ле жатқандығын атап көрсетті.

«Бұл жиын әлемнің түк­пір-түкпірінен жүздеген пар­ла­ментарийлердің басын қосып отыр.

Біз экономикалық дағдарыс, түрлі қақтығыстарға қатысты маңызды мәселелерді шешуде пікірталас негізінде шешімін табуға ықпал етеміз», дей келе, Бас хатшы шараны жоғары деңгейде  ұйымдастырғаны үшін Түркия Парламентіне алғысын білдірді.

Биылғы, яғни 22-ші сес­сия­ның басты тақырыбы –Хельсинки қорытынды актісінің 2015 жылғы 40 жылдық мерейтойына орай ЕҚЫҰ-ны нығайту мақсаттарына қол жеткізуді көздейтін «Хельсинки +40» бас­тамасы болатын. Осы тақырыпта пленарлық сессияда баяндама жасаған Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Мәми өз сөзінде 40 жылға жуық уақыт өткеннен кейін де Хельсинки қорытынды актісінің маңызы жойылмағанын және әлемдік әрі аймақтық саясаттың дамуына оң әсерін тигізіп келе жатқанын атап өтті.

Қазақстанның пікі­рін­ше, ЕҚЫҰ Сам­митінің Аста­на дек­ла­­­р­а­ция­сындағы Еуро-Атлан­тика­лық және Еуразиялық қоғам­дас­тықтың бірыңғай және бөлінбес қауіпсіздігін қа­лып­тастыру жөніндегі жұмыстарды іске асыру «Хельсинки +40-тың» басты тұ­ғырына айналуы тиіс.

Қ.Мәми түрлі аймақтық ұйым­дар­дың Еуразия кеңістігіндегі қауіп­сіздік мәселелерін ынты­мақ­пен және келісіп шеше алатын тұғырнама құру туралы Қазақстан Президентінің бастамасына баса назар аударды.

Ауғанстан аумағынан тарайтын трансұлттық қауіптер, сыбайлас жемқорлықпен күрес, көші-қонды басқару, көлік саласы, су ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған ортаның қауіпсіздігі ЕҚЫҰ-ның ерекше назарында бола беруі тиіс, деп атап өтті Төраға. Қ.Мәми, сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның екінші өлшемі тұрғысында Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдерінің арасындағы ынтымақтастықты мақсат ететін Қазақстанның бастамасымен дүниеге келген «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасына тоқталды.

Сенат Төрағасы одан әрі сайлау­ды байқау­шы­лар миссияларының шынайылығын қам­та­масыз ететін бірыңғай үлгі-қалыптар мен әдіс­темелерін әзірлеу қажеттігі туралы да пікір білдірді.

Сөзін қорытындылай келіп, Қ.Мә­ми ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қауіп­сіздіктің негізгі қатері аймақ мем­лекеттері арасындағы сенім дағ­дарысы екенін атап өтті. Саяси ерік-жігер мен сенімді нығайту ортақ миссия болуы тиіс, деді Төраға.

Еуропадағы қауіпсіздік жә­не ынтымақтастық ұйымы Парла­менттік Ассамблеясының Ыстам­бұлдағы сессиясы аясында Қазақ­стан Парламенті Сенатының Төр­аға­сы Түркияның Ұлы Ұлт­тық Мәжілісінің Төрағасы Жемил Чечекпен, Черногория Скупщинасының Төрағасы Ранко Кривокапичмен және ЕҚЫҰ ПА-ның Орталық Азия бойынша Арнаулы өкілі және Франция Ұлттық Жиналысының депутаты Тьерри Марианимен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер ба­ры­сында парламентаралық ын­ты­­мақ­тастық, оның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясын­дағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

3 шілдеге дейін жалғасатын ЕҚЫҰ ПА-ның Ыстамбұл сес­сия­сындағы жұмыстарына қазақ­стандық парламентшілер қатысып жатыр. Делегация құрамында сенаторлар Икрам Адырбеков, Рашит Ахметов, Әділ Ахметов, сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары Мәулен Әшімбаев, Қуаныш Сұлтанов және Светлана Бычкова бар.

Естеріңізге сала кетсек, Еу­ро­падағы қауіпсіздік жә­не ын­ты­мақтастық ұйымы Пар­ла­мент­тік Ассамблеясының былтырғы 21-ші сессиясы Монакода өткен болатын. Ал келесі жылы Әзербайжан астанасы – Бакуда өткізіледі деп жос­парлануда. Ал одан әрі 2015 жы­лы Еуропадағы қауіпсіздік жә­не ынтымақтастық ұйымын ны­ғайтуға сеп болған тарихи құжат – Хельсинки конвенциясының 40 жылдығына орай Хельсинки қа­ласында қорытынды жиын өтпек. Бұл ЕҚЫҰ-ның деңгейіндегі айтулы шара болмақ. Биылғы сессияның басты тақырыбы «Хельсинки +40» болуының маңызы да осында. Со­ған орай, 22-ші сессия ұйым үшін ба­рынша маңызды халықаралық мәселелерді талқылап, бірқатар қа­рар қабылдады.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

АСТАНА–ЫСТАМБҰЛ–АСТАНА.