• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Руханият 26 Қараша, 2019

«Ұйқыдағы ару» әлем балетінің жұлдыздары Алматыда өнер көрсетті

429 рет
көрсетілді

Дүниежүзіне танымал әртістер Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өнер көрсетті.

Станиславский және Немирович Данченко атындағы академиялық музыка театры Алматыда «Ұйқыдағы ару» қойылымын сахналады.

Бұл – «Әлем балетінің жұлдыздары» фестивалінде дүниежүзіне танымал әртістер өнер көрсетіп жатқан екінші қойылым.

Балет қойылымының негізгі кейіпкерлері Алматыға алғаш рет келіп отыр. Әртістердің сөзінше, жаңа сахнада өнер көрсету әрдайым қиын және үлкен жауапкершілік.

«Театрда спектакль, заманауи қойылым  және кастинг қатар жүргізілгендіктен, оның үйлесуі қиын. Алайда бәрі қызық, әрі ерекше сезімге бөледі. Премьераның алдында қобалжу болуы орынды. Себебі егер сен барлығы дайын деп босаңсып шықсаң, қойылымда оның барлығы көрінеді», деді Станиславский және Немирович-Данченко атындағы Мәскеу академиялық музыка театрының прима балеринасы Оксана Кардаш.