• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2013

Жылы жүректі жан

466 рет
көрсетілді

Жылы жүректі жан

Сенбі, 13 шілде 2013 2:33

Біздің бүгінгі әңгімеміз есімі Сыр еліне жақсы таныс, 22 жылдан астам Тереңөзек (қазіргі Сырдария) және Жалағаш аудандарында партия комитетінің бірінші хатшысы болған Қонысбек Төрешұлы Қазантаев жайлы болмақ. Мен ол кісімен 10 жылдан астам уақыт бірге қызмет істедім.

Қонекең туралы көңілімізде жүрген ойларды ортаға салу бізге парыз. Өйткені, оның өмірінде кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық сәттер аз емес. Оның бойында адалдық, адамгершілік, жүктелген іске жауаптылық қасиеттер үйлесімді ұштасып жататын. Ол кісінің бітімі, болмысы бөлек, парасат-пайымы ерекше болатын.

Адамға жақсылық жасау екінің бірінің қолынан келе қоятын шаруа емес. Жақсылар ғана жан-жағына көлеңкесін түсіретін алып бәйтерек сияқты. Соның бірі, тіпті біре­гейі Қонекең еді. Ал мен өз басым әріптес, үзеңгілес інісі ретінде ол кісімен бірге қызмет істеп, онымен пікірлес болуға мүмкіндік берген тағдырыма ризамын. Байқағаным, бір қарағанда жүзінен кімде болса именіп, сөзінен кімде болса да тайсалғандай Қонекең айналасына соншалықты мейірбан еді.

Өз заманының бәйтерегі болған Қонекеңнің бейнесі күн өткен сайын биіктеп барады. Ол өзінің ісімен, ақыл-парасатымен артына елеулі із қалдырды. Қонекең Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің, облыстық партия комитетінің пленумдарында рухани құндылықтарды қастерлеудің мән-мәнісін тереңнен қозғап, ой-санаға сілкініс тудыра сөйлейтін. Қонысбек ағамызды кезінде ұлтымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың өзі де аса құрметтеген. Сол кездері ол біздің облыстан Орталық комитет мүшесі болып сайланған жалғыз аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы еді.

Қонысбек ағамен қызметтес болуым 1975 жылы басталды. Осы жылы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Сұлтан Шаханұлы Аманов облыстық партия комитетіне хатшы болып ауысты да оның орнына сол кездегі Тереңөзек ауданының бірінші хатшысы Қонысбек Төрешұлы Қазантаев сайланды. Ұйымдық мәселе қараған пленум өткеннен кейін ертеңіне жаңа бірінші хатшы аппарат қызметкерлерімен жиналыс өткізді. Ол кезде аудандық партия комитетінің екінші хатшысы Сәмит Далдабаев, идеология жөніндегі хатшы Нәзтай Сермаханова, партиялық-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі мен жалпы бөлім меңгерушісі Мәжит Сағидатов, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Мәжит Әбдазиев болатын. Аппарат қызметкерлерімен танысып болғаннан кейін Қонекең:

– Жігіттер, мен өмірде жұмысқа кешігіп келген адам емеспін. Аудандық партия комитетінде өтетін жиналыстардың, семинарлар