• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 28 Қараша, 2019

Күлкі керуені № 17

4196 рет
көрсетілді

Күллі әлемнің күлкісі

 – Уақыт жағынан шектеу болар ма екен? – деп сұрады шешен жиналыс  бастығынан.

 – Еш шектеу болмайды, құлашыңызды кеңге сермеңіз. Тек біз сіз он минут сөйледіңіз-ау дегенде залдан шығып кетеміз...

         ***

 – Доктор, менің жұмысқа деген зауқым жоқ, бұны сіздерде қандай  ауруға жатқызады? Аурудың атын ғылыми терминсіз қарапайым да түсінікті етіп айтыңызшы, әйтпесе түсіне қоюым қиын.

 – Жәй ғана, жалқаулық деп аталады.

 – Енді ғылыми терминін айтсаңыз.

 – Оны қайтейін  деп едіңіз?

 – Бастығыма айтуым керек қой...

***

Келуші дәрігерге жөтелінің үдеп бара жатқанын айтып еді, дәрігер бірден:

 – Темекіні үзілді-кесілді қою керек! – деп талап етті. Келуші аса жылдамдықпен конвертке салынған ақшасын дәрігердің тартпасына тастаған соң барып ол қатал талабын өзгертті.

 – Әрине, бірден емес. Бірден тастаған да зиян. Біртіндеп, біртіндеп тастаған жөн...

***

Ұзақ жолда жол қысқарсын деп ғалым шоферін жұмбақ жасыруға шақырып, ақысын айтып еді:

«Ондай ақша менде қайдан болсын, егер әділдікпен келсек былай болсын: сіз таба алмасаңыз – он теңге бересіз, ал мен таба алмасам – бір теңге беремін».

Ғалым келісіп, шофер жұмбағын айтты:

 – Жерде жүреді, жермен жорғалайды, ағаштан ағашқа секіреді, аспанда ұшады, ол қай жануар?

 Ғалым ары ойлап, бері ойлап таба алмай он теңгесін береді де, өзінің жұмбағын айтады:

- Жерде жүреді, жермен жорғалайды, ағаштан ағашқа секіреді, аспанда ұшады, ол қай жануар?

Шофер бірден таба алмайтынын айтып, бір теңгесін береді...