• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Желтоқсан, 2019

Шетелдік қандастар туралы кітап жарық көрді

501 рет
көрсетілді

«Отандастар» қорының бастамасымен әрі қолдауымен «Қазақ әлемі», «Мир казахов» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Өмірбаяндық циклдің алғашқы екі кітабына шетелде тұратын 50 қазақтың оқиғасы әңгімеленген. Ғалымдар, бизнесмендер, спортшылар, әртістер мен компания жетекшілері – олардың әрқайсысының өз тарихы бар.

Кейіпкерлер өз өмірлері, таңдаған жолы мен болашаққа жоспарлары туралы әңгімелейді.

«Осы кітап арқылы біз қазақ деген ұлттың біртұтас, мызғымайтын мықты әрі аса қабілетті халық екенін, қай елді, қай жерді мекен етсе де, ұлттық болмысын, түп тамырын жоғалтпайтынына отандастарымыздың назарын аударғымыз келді. Сондай-ақ қазақтардың әлемдік қауымдастықтағы өзіндік бірегей орнына, қонақжайлылық, кеңпейілділік, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды құндылықтарын әлемге өз салт-дәстүрі, музыкасы мен көркемөнері, мінез-құлқы арқылы танытып келе жатқанына кеңірек тоқталып, көбірек көңіл бөлуді мақсат еттік»,- деді ұйымдастырушылар.  

Бұл кітаптың белгілі бір авторы жоқ, кітапта кейіпкерлерінің өздері айтқан оқиғаларлының топтамасы жинақталған. Қазір қазақ тілінде «Қазақ әлемі» деп аталған екі кітап және орыс тілінде «Мир казахов» атымен екі кітап баспадан шықты. Бірінші кітапта 24 этникалық қазақтың өмірбаяны топтастырылған. Екінші кітапқа 26 жас кейіпкердің өмір тарихы қамтылды.

Оқырман туған-туыстарынан, достарынан алыс, өз Отанынан жырақта өмір сүретін қазақтардың тарихымен таныс болады.

Құрастырушылардың айтуынша, кітапқа дәл осы адамдар әдейілеп таңдап алынбаған. Бұл елу кейіпкер – қазақ халқының ұлылығын көрсетуді, кез келген елде, кез келген жерде қазақ деген атты мақтанышпен алып жүруге, қайда да болса, өз жолдарын табуға, бұл өмірде кірпіш болып қалануға болатынын әрқайсымыздың санамызға жеткізуді мақсат тұтқан «Отандастар» қорының бастамасына алғашқы болып үн қосқандар.

Бірінші кітапта қамал бұзар қырық жастан асып, қатарластары мен ізінен ерген жас буынға еңбекқорлық пен адамдықтың үлгісі болып жүрген қандастарымыз туралы айтылады. Екінші кітапқа жасы қырыққа жетпеген жастар топтастырылған.