• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Желтоқсан, 2019

Ветеринарлық зертхананың бұрынғы басшылығы пара алғаны үшін сотталды

187 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деп күдіктелген АШМ «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК бас директорының міндетін атқарушы М. Ч. Итеновке, оның орынбасары және зертхана меңгерушісі Г.Р. Әділбаеваға, сондай-ақ осы РМК-ның тағамдық қауіпсіздігінің меңгерушісі Б. А. Алынязоваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Итенов пен Әділбаева азаматты ветеринарлық зертханаға зертханашы ретінде жұмысқа орналастыру үшін 250 мың теңге көлемінде пара алғаны, сондай-ақ Итенов кәсіпкерлерге тиісті қорытындылар беруде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.

Осы үкіммен Алынязова да кінәлі деп танылды және сенімді асыра пайдалана отырып, мемлекетке мүліктік залал келтіргені үшін оған 757 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.