• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 05 Желтоқсан, 2019

Алматыда Үкі Әжиевтің шығармаларын қамтыған көрме ашылды

1251 рет
көрсетілді

Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қазақстан акварелінің хас шебері, қазақ өнеріне еңбегі сіңген өнер қайраткері, мәдениет пен бейнелеу өнері саласындағы Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Тұңғыш президенті стипендиясының лауреаты, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты Әжиев Үкі Әжиұлының 95-жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды.

Көрмеге 70 астам графикалық және кескіндемелік туындылар қойылған. Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ коллекциясынан, сол сияқты суретшінің отбасылық жинағынан да  алғаш рет қойылған туындылар бар. Үкі Әжиев өзінің көп қырлы шығармашылығында ұлттық акварель мектебінің қалыптасуы мен даму кезеңінің бүтін бір дәуірін бейнелейді. Тынымсыз шығармашылық ізденісі, адамға, айналасындағы бүкіл әлемге деген еркін сүйіспеншілігі, ол Қазақстандағы көркемдік үдерістің дамуындағы бірегей құбылыс ретінде лайықты мойындалды. Шебердің шығармашылық жолының 80-жылы Қазақстан бейнелеу өнеріне адал қызмет жасауға арналды. Өз кезегінде, қазақстандықтар оның еңбегі мен шығармашылық мұрасына шынайы құрметпен қарайды. Көркем форманың сұлулығын, оның рухани мазмұны бар үйлесімін ұғынудың нәтижелерінің бірі «Әйелдің портреті» (1968) болып табылады, ол рухтылығымен, әсемдігімен баурап алады. Үкі Әжиевпен жазылған портреттік бейнелердің галереясында әйел адамның бейнесі ерекше көзге түседі.

– «Түпнұсқамен ұсастық – бұл портреттік кескіндемедегі басты нәрсе емес». Табиғатты терең түсінудің негізінде, суретші түс пен жарықтың дәлме-дәл сипаттамаларын іздейді. Әжиев шщығармашылығында ана тақырыбының да өзіндік шешімі бар. Ұлттық нақтылықты поэтикалық тұрғыдан түсіндіру бейненің мазмұнын тереңдетеді, оған ұлттық бояу береді. Мұндай шығармалардың қатарында «Қазақ мадоннасы» (1979), «Ана ойлары» (1983), ерлердің бейнелері арасында «Әбілхан Қастеевтің портреті» (1969) ерекше мәнерлі,   «Автопортрет» (1981) орындау тәсілдері әр түрлі, бірақ міндеті табиғаттағы мәңгілікті, ал адамдағы сұлулықты білдіретін суретші-туындыгерлердің жан жақындығын жеткізуі жағынан ұқсас – дейді көрме жетекшісі Гүлнұр Жұбанова.

Үкі Әжиев пейзаж салуда аса дарынды. Суретші Жапонияға, Монғолияға, Югославияға, Ганаға, Нигерияға жасаған сапарларында осы елдердің тұрғындарының дүниетанымдық ерекшеліктерін, табиғаттың, сәулет өнерінің өзгешелігін ұғынуға тырысты, көргендерін білдірудің дәлме-дәл құралдарын іздеді. Заманауилық пен дәстүр «Фудзи бөктерінде» (1971) этюдында көрініс тапқан. «Гоби»(1976), «Бизондар»(1974), «Гоби түні» (1976) акварельдері суретшіні таң қалдырған Монғолияның жаратылыстағыдай табиғатының айбындылығын білдіреді. «Биік таулы жайлау» (1964), «Ассы жайлауы»(1976), «Хан-Тәңірі бөктерінде» (1978) және басқа да керемет пейзаждары қатар өмір сүретін адам мен табиғат үйлесімділігінің қажеттілігі туралы ойларға құрылған. Орта Азия, Украина, Қырымдағы пейзаждар топтамасы бұрынғы Одақ елдерінің әр түкпірлерінің табиғатының ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді – «Самарқандтағы көше» (1968), «Бұхарадағы керуен-сарайы» (1966), «Десна жағалауы» (1964), «Гурзуф»(1964).

Үкі Әжиевтің туындылары біздің еліміздің мәңгілік мәдениет ескерткіші болып табылады, сондай-ақ Қазақстанды әлемнің ең үздік бейнелеу өнері жинақтарында әйгілі етеді: Лондон архитектура және өнер музейі (TateBritain), Мемлекеттік Третьяков галереясы, Шығыс музейі (РФ Москва қ.), ТМД елдері - Киев, Баку, Вильнюс, Рига музейі, Франция, Италия, Германия, АҚШ, Швейцария, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің жеке коллекцияларында. Көрме 2020 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасады.  

 

АЛМАТЫ