Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әуезов ауданының әкімі аппараты, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалымен және Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлесіп, Қазақстан жазушылары кітапханасында, «Тарихи-әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында, оқырмандармен кездесу ұйымдастырылды.
Аудандық әкімдіктің мәліметтері бойынша, іс-шараға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, журналист, аудармашы Кәдірбек Сегізбаев, І «Рух» халықаралық онлайн-әдеби конкурсының «Үздік әдеби сын» номинациясының жеңімпазы, Президент стипендиясының иегері Бекзат Смадияр; ақын, аудармашы Қуанышбай Құрманғалиев; жас жазушы, «Қазақ Таймс» сайтының журналисі Асан Әли қатысты. Олар оқырмандарға жазып жатқан шығармалары жайлы кеңінен әңгімелеп, «Тарихи-әдеби өлкетануды дамыту» жобасының маңыздылығын түсіндірді.
Қазақстан жазушылары кітапханасының меңгерушісі Елена Ағайса іс-шараға қатысушыларға жылы лебізін білдірді.