Қобыз – қазақ халқының көнеден қалған музыкалық аспабы. Ұлттық мәдентетіміздің алтын діңгегі. Қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген. Халық аңызы мен Орта азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда, ғасырлардың сырын жетелейтін қоныр үнді киелі аспапты 8-9 ғасырларда Қорқыт жасаған деседі.
Қобыздың шығу тарихы туралы бірнеше пікірлер бар. Музыкант Бектай Әлімбай «Қобыз қайдан шықты?» атты мақаласында: «Жалпы, ішекті аспаптарымыздың шығу тарихын, бұлардың қалай, қашан пайда болғанын бірден «былай еді» деп, дәл айту өте қиын». Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, ішекті аспаптар негізінде десе, бірі ұрмалы аспаптар негізінде пайда болған деген пікірлер бар» делінген kazmuscenter.kz сайтында.
Ұрмалы аспаптар негізінде пайда болды деген пікірге келер болсақ, ежелден жауынгер халық дабыл, даңғыра, керней секілді аспаптарсыз жорыққа шықпаған. Олар бірін дыбыстық ерекшеліктеріне қарай, олардың бірін – сапқа тұруға , екіншісін – атой салуға , енді бірін – ұрысты тоқтатуға пайдаланған.
Қобыздың арғы садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдары ның кейбір деректеріне қарағанда, ғасырлар сырын жетелейтін қоңыр үнді киелі аспапты 8-9ғ. Қорқыт жасаған деседі.
Кешегі Ықылас – қобыздың атасы, Құрманғазы – күй атасы , бірақ олар қобызды ойлап табушылар емес, олар осы жанрды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген жалғастырған алтын көпір дәулескер күйші, саңлақ сазгерлер.
АЛМАТЫ