• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 11 Желтоқсан, 2019

«Цифрлы Қазақстан» аясында қаламгерлерге веб-сайттың сертификаты табыс етілді

343 рет
көрсетілді

«Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламалары аясында және Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының бастамасымен «Smart qalamger» жобасы екінші жарты жылдық басында қолға алынған болатын.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болып табылатын әрбір қаламгердің веб-сайттарын тегін жасап беру және оларға техникалық қолдау  көрсету, қаламгерлердің шығармаларын бір жерге жинақтап, олардың біртекті электронды базасын құруды мақсат ететін жобада ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мұрағатын пайдалана отырып, қаламгерлердің толық библиографиялық анықтамалығын жасау, олардың оқырманмен және шет елдік жазушылармен байланысын дамыту жұмыстары жолға қойылды.

Жобаның алғашқы тұсаукесері Нұр-Сұлтан қаласында өтіп, онда елордалық және Ақмола облысы бойынша Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі 140 қаламгерге веб-сайт сертификаттары табысталған болатын. Ал 9 желтоқсан күні сағат кешкі Қазақстан Жазушылар одағының 85 жылдығына орай өткен салтанатты кеш барысында ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы әр қаламгердің жеке өз атына ашылған веб-сайттың сертификатын табыс етті.

 

АЛМАТЫ