Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында қайтадан су берілді. Бұл туралы облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Зырян ауданының әкімі Ермак Сәлімовтің айтуына қарағанда, бүгін сағат 10.00-де сумен қамтамасыз ететін құбыр тесігі бітелген. Сағат 13.00-де қала тұрғындарына су беріле бастаған.
Кешке дейін сумен қамтамасыз ету толық қалпына келтіріледі.Естеріңізге сала кетсек, кеше сағат 13.00-де Зырянға су келетін негізгі құбыр жарылып кеткен. Көп қабатты үйлер мен тұрғын үйлер алабы сусыз қалған болатын. Кейіннен қалада төтенше жағдай жарияланған еді.
Мұрат Айтқожа.