• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Руханият 13 Желтоқсан, 2019

Алматыда патриоттық әндер кеші өтті

188 рет
көрсетілді

Алматыда Тәуелсіздік мерекесін тойлау басталып кетті. Бүгін Жазушылар одағында «Ақ орда» республикалық қозғалысы мен «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен патриоттық әндер кеші өтті. Бұл ән кеші «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде орындалды.

«Патриоттық рух – басты құндылық» жобасы аясында ұйымдастырылған концертте қазақ эстрадасының әншілерімен қатар қаламыздың жас өнерпаздары да өнер көрсетті. Басты мақсат – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Осынау ұлық мерекенің маңыздылығын дәріптеу.

«Көбіне келіп отырғандар жастар. Менің бір риза болатыным қазір еліміздің өсіп келе жатқан жастарының көбі ерекше белсенді. Қоғамдық жұмыста, мәдениет пен спорт саласында болсын, сол өскелең жастарға көп үміт артамыз», - деді «Ақ Орда» республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары Қанат Мұсағұлов.

 

АЛМАТЫ