• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Руханият 13 Желтоқсан, 2019

«Ұлы дала түркі халықтарының ортақ мекені» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті

313 рет
көрсетілді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы басым бағыттарды іске асыру мақсатында Алматыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ұйымдастырылған алқалы жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің жетекшілері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Қазақ тарихын, ұлттық салт-дәстүрлерді, тарихи-мәдени сабақтастықты дәріптеуді мақсат тұтқан басқосуды Қыздар университетінің Ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі проректоры Нұрғали Аршабеков ашып, ректор Гаухар Алдамбергенованың конференция қатысушыларына жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

Онлайн желісінде өткен жиынға, ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, профессорлар әлем тарихының ортағасырлық кезеңіндегі саяси, тарихи, мәдени және географиялық жағдайларға қатысты  зертеулерімен бөлісті.  Тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев Қазақстан аумағындағы бірнеше мыңжылдық тарихи және  мемлекеттіліктің  дамудың кейінгі орта ғасырлардағы көрінісі болған Қазақ хандығының құрылуымен «қазақ» этносы да өмірге келді. Қазақ хандығы өзі өмір сүрген дәуірдің алғашқы кезеңдерінде этностың этникалық аумағын қалыптастырды және кейінгі кезеңдерде оны сақтай білді. Осы жолда мемлекеттің тізгінін ұстаған хандар өздерінің жеке бастарындағы ерекше қасиеттері мен қабілеттері арқасында әртүрлі қиыншылықтарға қарамастан қиыннан жол тауып, Қазақ елі мен халқын жаңа заманның табалдырығына дейін жеткізді, деп атап өтсе  – деді өз сөзінде. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары Әуезхан Шашаев «Ұлы даланың ұлы есімдері» мультимедиялық веб-порталымен таныстырды. Тарихшының пікірінше, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлттық тарихымызды зерттеуге зор серпін берілген. Мәселен, археографиялық экспедиция Омбыдан үш жарым мыңнан астам тың деректерді елге әкелген. 1934 жылы «құпия сақталсын» деп мөр басылған құжаттар қазақ елінің XVII-XIX ғасырдағы өмірінен және Абылай хандығы туралы мәліметтер береді. Қазақ, ағылшын және орыс тілінде жарияланатын мультимедиялық порталға әзірге 100 тұлғаның есімі енгізіледі. Портал әуелі Тарих және этнология институтының сайтында, кейіннен жеке портал болып ашылып, қазақ тарихында ерекше орны бар тұлғалар туралы деректермен толықтырылатын болады.

Конференция барысында «Вайнах» ассоциациясының төрағасы Абу-Касим Хажалиев, Моңғолия университетінің PhD докторанты Уругмыл және тарих ғылымдарының кандидаты Ердәулет Берлібаев сөз сөйлеп, қазақ тарихы туралы тың деректерімен бөлісті.