• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Руханият 13 Желтоқсан, 2019

Архив ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды

402 рет
көрсетілді

Тарихи өткен ғасырдың 1921 жылынан басталатын Алматыдағы ҚР Орталық мемлекеттік Архиві республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енді. Тәуелсіздік күні мен «Архив-2025» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бүгін Архив ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды. Айтулы шараға  республиканың мәдениет саласының өкілдері қатысты. 

ҚР Орталық мемлекеттік Архивінің директоры Арнұр Қарымсақов алғаш Орынборда құрылып, кейіннен Қызылорда, ал 1927 жылы Алматыға қоныс аударған мұрағат тарихына тоқталып, қазақ тарихының қара шаңырағында  ХVI-ХХІ ғасырлардан бергі аралықтағы бір жарым миллионнан астам құжаттардың сақталғандығын жеткізді. Сонымен қатар бүгінгі игі шараға қолдау білдірген тиісті министрлікке, Ұлттық музей басшылығына, Алматы қаласы әкімдігіне, «Қазқайтажаңғырту» басшылығына алғысын жеткізді.

Ресми шараға қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова републикадағы аса ірі архив қоймасының  ерекшелігіне тоқталып, бүгінде елімізде 25 мыңдай  ескерткіш болса, оның 247-сі республикалық деңгейдегі ескерткіш екендігін атап өтті. Сондықтан да осы тізімнің қатарын тарихи маңызды ғимараттың толықтыруы алдағы уақытта Архив жұмыстарының жандана түсуіне зор ықпал ететіндігіне тоқталды.  

Одан кейін «Қазқайтажаңарту» РМК архитекторы Ханат Тұяқбаев сөз алып, салтанатты шараға байланысты құттықтау лебізін білдірді.

Салтантты шараға қатысқан қонақтар ғимарат ауласына шырша орнатып,  Архив  тарихын болашақ ұрпаққа жеткізудегі игі тілектерін білдірді. 

 

АЛМАТЫ