• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Руханият 16 Желтоқсан, 2019

Брайль қарпінде жазылған Ф. Оңғарсынованың «Мен саған ғашық емес ем» кітабы таныстырылды

460 рет
көрсетілді

Алматыдағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада  оқырмандар конференциясы өтті. Жыл сайын өтетін дәстүрлі шарада кітапхана директоры Асхат Байұзақов осы бір жыл ішінде ұжым тарапынан атқарылған жұмыстар жайында мәлімет беріп өтті.

Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің ақпараты бойынша, оқырмандар конференциясы «Сөйлейтін» және нүктелі-бедерлі қаріпінде Брайль кітаптары бөлімі шығарған Фариза Оңғарсынованың «Мен саған ғашық емес ем...» кітабының таныстырылымымен ерекшеленді. Бөлім қызметкері Б. Сыздықов нүктелі-бедерлі қаріпте жарық көрген кітаптың таныстырылымы барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өлеңдерінен үзінділер оқыды. Ал «Сөйлейтін» және Брайль кітаптарын шығару бөлімінің меңгерушісі Н.Д. Баймұратова оқырмандарға ағымдағы жылы бөлім тарапынан шыққан нүктелі-бедерлі және жайпақ баспалы қаріп бойынша дыбысталған, тактильді кітаптар, брошюралар бойынша кеңінен ақпарат берді.

Кітапхана директоры А.Байұзақов кітапхана қызметінің жұмысының статистикалық көрсеткіштері, оқырмандарға қызмет көрсету қызметтерін енгізу, кітапханада өткізген көпшілік іс-шаралар, көрмелер, кітапхана шығарған басылымдар туралы, ағымдағы жылы компьютерлік сауаттылық пен оңалту бойынша өткізілген сабақтардың саны, бүгінгі күні кітапхана қорын құрайтын кітаптардың саны туралы ақпарат беріп, кітапхана жұмысын қорытындылады. Кітапхананың 2020 жылға арналған жұмыс жоспары мен міндеттері туралы баяндады.

Осы шара аясында  кітап қорын толықтыру, өңдеу  және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Т.Рогаткина ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейінгі кітап қорының қысқаша есебіне тоқталды.

Конференцияда 9 адамнан тұратын «Кітапхана кеңесін» құру, «Кітапхана кеңесінің» ережесін әзірлеу, зағип жандарды және мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қорының жетекшісі Б.Базарбековпен бірлесе зағип жандарды  сүйемелдеу  бойынша бейнеролик түсіру туралы ұсыныстар айтылып, кітапхана басшылығы мен мамандары оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Конференция соңында кітапхананың белсенді оқырмандары марапатталды. 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар