Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласындағы жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, зейнет жасындағы отбасыларға арналған «Қамқор» Әлеуметтік тұрғын үйінде «Алатау» дәстүрлі өнер театрының мүгедектерге мәдени қызмет көрсету мәдениет үйінің, Федор Зражевский жетекшілік ететін «Қаламқас» вокальды ансамблі қарттар назарына арнайы концерт ұсынды.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың баспасөз қызметі мәліметтері бойынша, қазақ халқы үшін теңдесі жоқ қасиетті де қастерлі мерекеде ақыл-парасаты жарасқан қазына-қарттарымыз «Одуванчик» - Любовь Тарасова, «На посошок» - Генадий Демин, «Баллада о седых» - Вера Сотниченко, «Бейбіт күн тілегі» - Алма Бейсенбаева, «Перекати поле» - Марфа Глущенко, «Снег седины» - Батана Колесникова, «Вальс победы», «Мой город», «Вальс ветеранов», т.б. әндерді тыңдап, ерекше көңіл-күйге бөленді.
Кеш соңында қариялар қосыла ән шырқады. Ақсақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер әншілерге өздерінің жылы лебіздерін жолдап, алғыстарын білдірді.
АЛМАТЫ