• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Руханият 17 Желтоқсан, 2019

Акоа Сатаоши қазақтың әнұранын орындады

290 рет
көрсетілді

«Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Мен сіздердің  жаңа биіктерге жетулеріңізді қалаймын.  Шын жүректен Мемлекеттік әнұрандарыңызды орындап бермекпін» - деді жапондық ғалым, Орталық Азия және Кавказ елдерін зерттеу институтының атқарушы директоры Сатоши Акао.

Сатоши Акаоның айтуынша, осылайша ол Қазақстан халқына деген құрметін білдіріп, екі ел арасындағы достықты одан әрі нығайтуға өз үлесін қосқысы келеді.

Сатоши - туристік және консалтингтік компаниялардың президенті, сонымен қатар Орталық Азия мен Кавказды зерттеу институтының атқарушы директоры.

Акао - жапон тіліндегі «Қазақстан» әнінің авторы және орындаушысы.

Оны қазақстандықтардың қонақжайлылығы шабыттандырады екен.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Цукуба университетінің құрметті докторы дәрежесін беру рәсімінде еліміздің Жапон әнұраны алғаш рет шырқалды. Сол кезде Акао Жапония жағынан қатысқан құрметті қонақтардың арасында болған.

Сондай-ақ  Акао  осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан мемлекеті тәуелсіздігінің алтын бесігі Алматыға келіп кетіпті.  Алматы, 1986 Желтоқсан оқиғасы Қазақстанға және қазақ халқына, Алматыға  деген ықыласын арттыра түскен.

«Қазақ азат, рухты ұлт. Амандық болса , алдағы уақытта бұл тақырыпқа жеке ораламын» деп сөзін түйіндепті Сатоши Акао.