• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Президент 20 Желтоқсан, 2019

Президент: Жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдарды қабылдау үшін арнайы квота бөлуі тиіс

265 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа қабылдау үшін арнайы квота бөлуге қатысты тапсырма берді.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне жүгінсек, Еліміздегі 106 мың мүмкіндігі шектеулі адамның 25 пайызы ғана жұмыспен қамтылған. Жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдарды қабылдау үшін арнайы квота бөлуі тиіс. Үкіметке осы міндеттің орындалу барысын қадағалауды тапсырамын. Орындамаған жағдайда өтемақы төлеу мәселесін қарастыру керек», деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы барлық аймақтарда Еңбекпен қамту және әлеуметтік оңалту орталықтары жұмыс істеуі тиіс екенін сөз етті.

«Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында мұндай орталықтар жоқ. Бұл – үлкен кемшілік, сондықтан ондай орталықтарды қалайда ашуды тапсырамын. Осы жұмысты мемлекет пен жекеменшіктің әріптестігі арқылы іске асыруға болады», деді ол.

Бұдан соң, Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс істейтін мүмкіндігі шектеулі адамдарға оңалту көмегін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысы есебінен беру мәселесін қарастыруды ұсынды.