• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Желтоқсан, 2019

Әскери-тарихи музейі құнды эскпонатпен толықты

188 рет
көрсетілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейіне Санкт-Петербург қаласының Пискарев ескерткіш зиратынан әкелінген қасиетті топырақ салынған капсула салтанатты түрде берілді.

Аталған капсуланы бүкіл жоралғысын жасай отырып, «Ескерткіш аумағы» іздеу жасағының өкілі, Санкт-Петербург журналистер одағының және Ресей Федерациясы Кинематографтар одағының  мүшесі Шерхан Әбілов салтанатты рәсіммен тапсырды. Бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне аталған іздеу жасағының командирі Майдан Құсайынов іс-шараны өткізуге қолдау көрсету туралы өтініш білдіріп, қорғаныс ведомствасының қолдауына ие болды.

Бұдан басқа, музейге «Вечный Ваш подвиг в сердцах грядущих поколений» деп аталатын үстел медалі, ленталар, неміс және орыс тілдеріндегі насихаттау қағаздары, сондай-ақ деректі фильмдер мен Пискарев ескерткіш кешені туралы қосымша ақпараттық материалдар берілген болатын.

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының тарихында Пискарев ескерткішінің маңызы зор. Бұл зиратта Ленинград майданында қаза болған 420 мың  бейбіт халық, сондай-ақ шайқаста мерт болған 70 мың сарбаз бен офицер жерленген. Ұлы Отан соғысында Ленинград майданына қазақстандықтар да қатысқан. Пискарев зиратындағы бауырластар қорғанында біздің де отандастарымыз да жерленген болуы мүмкін.