Ойпыр-ай!
Ақмола облысының Степногор қаласында бірнеше ит 56 жастағы ер азаматты талап өлтірді. Бұдан біраз бұрын бұқаралық ақпарат құралы бетінде 3 жасар сәбиді ит тістеп, қанына қауіпті кесел тарағаны жазылған болатын. Артынан сол баланың мұрны шірігені мәлім болды. Енді міне, ел тынышта иттер атпалдай азаматтың денесін шайнап, жер бетін қанға бөктіріп отыр.
Облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері жоғарыда аталған оқыс оқиға ит сатумен шұғылданатын әйелдің үйінің алдында орын алғанын айтады. Не десек те, бұл – кісі шошырлық көрініс. Табыс табу жолын көздеп, иттерін саудалап жүрген азаматшаға ақша қымбат болғанымен, бір отбасы асыраушысынан айырылды. Осының өзінен ит ұстаудағы қазақы бейқамдығымызды аңғаруға болады.
Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталып кетті.
Бақытбек КЕНЕШҰЛЫ.