• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Шілде, 2013

Сақтансаң – сақтайды

439 рет
көрсетілді

«Денсаулық жолы – 2013» акциясы ауруды ерте анықтау мен алдын алуға бағытталған

 

Қазіргі уақытта бастапқы медициналық санитариялық кө­мекке (БМСК) ауруды алдын ала скринингтік анықтау мен мед­и­циналық көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар, про­фи­лак­тикалық іс-шаралар кешені, ауыл және қала халқын саламатты өмір салтын белсенді ұстануға насихаттау да кіреді.

Осыған байланысты Қазақ­станда жыл сайын 1 шілдеден 31 тамызға дейін кең ауқымды «Ден­саулық жолы» акциясы өткі­зіледі, оның мақсаты – әлеу­мет­тік маңызды ауруларды ерте анық­тау маңыздылығы мен алдын алу мәселесі жөнінде ауыл тұр­ғын­дарын ақпараттандыруды ба­рынша көтеру, медициналық және консультациялық көмек беру.

 

 

«Денсаулық жолы – 2013» акциясы ауруды ерте анықтау мен алдын алуға бағытталған

Қазіргі уақытта бастапқы медициналық санитариялық кө­мекке (БМСК) ауруды алдын ала скринингтік анықтау мен мед­и­циналық көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар, про­фи­лак­тикалық іс-шаралар кешені, ауыл және қала халқын саламатты өмір салтын белсенді ұстануға насихаттау да кіреді.

Осыған байланысты Қазақ­станда жыл сайын 1 шілдеден 31 тамызға дейін кең ауқымды «Ден­саулық жолы» акциясы өткі­зіледі, оның мақсаты – әлеу­мет­тік маңызды ауруларды ерте анық­тау маңыздылығы мен алдын алу мәселесі жөнінде ауыл тұр­ғын­дарын ақпараттандыруды ба­рынша көтеру, медициналық және консультациялық көмек беру.

2013 жылы ақпараттық-ком­муникациялық «Денсаулық жо­лы» науқанының басты наза­ры адам паппиломасы вирусы­на (АПВ) қарсы екпе егу жөнін­де сонымен қатар, қан айналым жүйесі ауруының (арте­риал­дық гипертония, жүрек ише­мия­лық ауруы, инсульт), тубер­кулез, ауыл тұрғындарының про­­­филактикалық медициналық тек­­серуден өту белсенділігін арт­ты­ру (скринингтік тексеру), сол сияқ­ты, саламатты өмір салтын ұста­нуды насихаттау туралы ха­­­лық­қа жоғары деңгейде ақпарат беру.

Науқан шалғайдағы ауылдық жерлерге кардиология, туберкулезге қарсы, онкологиялық, терапиялық қызметтер мен аймақтарда саламатты өмір салтын қалыптастыру қызметтерінің мамандарын жұмылдыру арқы­лы, медициналық және кон­сультативтік көмек көрсе­ту, жедел тексеру әдісімен зерт­ха­налық зерттеу жүргізуге, бұқа­ра­лық ақпарат құралдарын тарту арқылы АПВ-ға қарсы насихат жүргізуге бағытталған түсіндіру жұмысы үшін оңтайлы медициналық бригадаларын жібереді.

«Денсаулық жолы – 2013» акциясының негізгі міндеті – ауыл тұрғындарын ақпараттық-білім беру науқанымен кең ауқым­ды қамту, жүрек-қан тамыр ауруының ерте анықталуы және оның алдын алу, онкологиялық ауру, туберкулез және мінез-құлық қауіп-қатер факторы, денсаулықты нығайту мен сақтау шаралары, саламатты өмір салтын жүргізуге дағдыландыру, өз денсаулығына деген ортақ жа­уапкершілікті қалыптастыру жө­нінде БМСК қызметкерлері мен ауыл тұрғындарына консуль­тативті профилактикалық көмек көрсету.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамы­тудың 2011-2015 жылдарға арнал­­­ған «Саламатты Қазақстан» мем­­­­­­лекеттік бағдарламасы мен 2012­­2016 жылдарға арнал­­­ған онко­­логиялық көмек көрсе­ту­ді да­мыту бағдарламасы басым­­дық­тарының бірі – онкологиялық ауруларды, оның ішінде жатыр мойнының обырын (ЖМО) ерте анықтауда скринингтік тексеру жүргізу мен алдын алу болып табылады.

ЖМО-ның басты себебі (70%) адам паппиломасы вирусы, әсіресе, жоғары онкогенді 15 штамм, ал 16 мен 18 штаммы адам үшін қауіпті және жатыр мо­йыны жасушасында қатерлі ісіктің қайта пайда болуын а әкеп соғуы мүмкін екендігі нақты дәлелденген.

Халыққа бүгінгі күні обыр­дың үкім емес екендігі туралы ақпарат беру қажет. ДДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша обырдан болатын барлық өлім-жітімнің 30%-дан жоғарысын АПВ-ға қарсы екпе егу түрінде алдын алу мен ауруды ерте анықтау және саламатты өмір салтының (СӨС) мынандай қағидаларын: дұрыс және толыққанды тамақтану, белсенді өмір сүру, темекі тарту мен мөлшерден тыс ішімдікті пайдалану, күйзеліске қарсы тұра білу арқылы алдын алуға болады. Ерте жыныстық қатынасқа түсу, ерте кездегі 16 жасқа дейінгі жүктілік, туу мен жасанды түсік, жыныстық серіктесті жиі ауыстыру, жыныстық жолмен берілетін жұқпаларды жұқтыру қаупін тудыратын, соның ішінде АПВ-ы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу өте маңызды.

Қазіргі медицина бір орында тұрмайды, онкологиялық аурулармен де күрес әдістері үнемі жетілдірілуде.

Бүгінгі күні АПВ-ға қарсы екпе егу – бұл, АПВ-ға қарсы тұрақты иммунитетті қамтамасыз ететін ЖМО-ның бастапқы алдын алу әдісі және оны СӨС-тің элементі деп санауға болады. Қазақстанда АПВ-ға қарсы қолданылатын екпе дәрілік құралдарды сараптау Ұлттық орталығында сараптаудан ойдағыдай өтті және ЖМО-ның алдын алуда тиімді және қауіпсіз құрал болып табылады.

Қазақстанда АПВ-ға қарсы екпе егуді жүргізу тәжірибесіне ұсынылған жастағы топтар – бұл, 11-12 жастағы жыныстық қатынасқа түспеген жасөспірім қыздар, олардың ата-анасының жазбаша рұқсаты мен науқанға ерікті түрде қатысуы. Белгіленген жастағы топқа екпе егу тегін жүргізіледі. Көрсетілген жас мөлшеріне сәйкес келмеген, бірақ АПВ-ға қарсы екпе алуды қалайтын әйелдер мен қыздар иммунизациялау орталықтары мен екпе егу кабинеттерінде ақылы түрде екпе алуларына болады.

Барлық қызығушылық та­ныт­қан тараптардың міндеті БАҚ-тың, мемлекет пен қоғам­дық ұйымдардың белсенді қолдауы арқылы қалың бұқара ауыл және қала тұрғындарына, медициналық қызметкерлер мен білім беру мамандарына, жұмыс берушілерге, ата-аналар мен жасөспірім қыздарға ЖМО-ны ерте анықтаудың маңыздылығы, басқа да алдын алу шаралары мен екпенің артықшылығын, басты себеп ЖМО болып отырған АПВ-ға қарсы тиімді екпе бар екендігі туралы анық және нақты ақпарат беру. Қазіргі жағдайда АПВ-ға қарсы екпе егу мен онкологиялық ауруды ерте анықтау үшін скринингтік тексеруден үнемі өту – ЖМО-дан ең жақсы қорғаныс.

«Денсаулық жолы – 2013» акциясы кезеңінде республиканың барлық өңірлерінде ауылдық жердегі бастапқы медициналық санитариялық көмек ұйымында түрлі мамандарды тартумен «Ашық есік» күндерін өткізу жос­парлануда. АПВ-ға қарсы екпе, ауыл тұрғындары арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, жүрек-қан тамыр аурулары, туберкулездің алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын тарату үшін медициналық колледж студенттерін, жоғары сынып оқушыларын, еріктілерді тарту арқылы мінез-құлық қауіп-қатер факторларының алдын алу бойынша денсаулық мектептерінің, артериалды гипертония мен саламатты өмір салтын жүргізу мектептерінің жұмыстары іске қосылуда. Қан айналымы жүйесінің ауруы мен туберкулездің алдын алу, АПВ-ға қарсы екпе егу мәселесі бойынша БМСК медициналық қызметкерлерін оқытатын семинар-тренинг өткізіледі.

Бүгінгі күні мамандардың бас­ты күші халықтың өз денсау­лы­ғы­на деген ортақ жауапкершілігі мен саламатты өмір салтын жүр­гізуге халықтың бейімділігін қа­лыптастыруға бағытталған.

Алуа МЫРЗАХАНОВА,

Салауатты өмір салтын қалыптас­тыру проблемалары

ұлттық орталығы баспасөз қызметінің басшысы.