• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Шілде, 2013

Ұстазға жүктелер міндет зор

378 рет
көрсетілді

Мен мектеп пен институтты Кеңес Одағы кезінде аяқ­тадым. Барлық мәселе Мәс­кеу­ден басқарылатын уақытта ұлан-ғайыр елдегі мектеп бағ­дарламасын бірыңғай үлгідегі оқулықпен оқытатын еді ғой. Мысалы, Киев князьдігін біз, алыстағы қазақстандық ауылдың балалары өз өлкеміздің тарихынан жақсы білгенімізді мойындауымыз керек. Тарих пәні оқулығынан Иван Грозныйды жатқа білдік, ал қазақтың хандары мен билерін, батырларын біз нақты тарих ғылымы арқылы емес, қазақтың бай ауыз әдебиетінен көп естідік. Ол кездегі оқулықтар бойынша Дешті қыпшақтың шексіз, кең-байтақ даласында ешқандай өркениет болмағандай, феодализмнің бұлыңғыр пердесінен біздің мемлекеттің аумағын бір кездері мекендеген халықтардың өткені көмескі және күңгірт көрінер еді. Кеңестік жүйе ғалымдары жазған оқулықтардан өз халқымыздың «феодалдық құрылыстан капитализмге соқпай, бірден социа­лизмге аттағанын» білер едік.

Уақыт шаңына көмілген тарихымызға Тәуелсіздігіміз келген соң жаңаша көзқараспен қарай бастадық. Дегенмен, әлі де ақтаңдақтар, жаңаша пайымдар мәселелер көп. Еуразия орталығында орналасқан қазақтардың орасан зор осы өңірдің саяси, экономикалық, мәдени өмірінің ортасында болмауы мүмкін емес. Бабаларымыз аттың жалында, түйенің қомында жүріп, бес Францияға тең ау­мақ­ты қорғап, ұрпақтарына аманат еткеніне таңғаламын әрі мақ­танамын.

Мен тарих пәні мұғалімі ретінде осы жылдың маусымында Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде Мем­лекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы­ның кеңейтілген отырысы дер уақытында өтті деп санаймын. Отырыста тарихнаманы тану әдістері, үздік әдіснамалар мен әдістердің негізінде Қазақстан тарих ғылымының одан әрі дамуы үшін жағдай жасау, қазақтардың ұлттық тарихының мүмкіншілігін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру, Қазақстанның екі он жылдық жаңа тарихының мәнін түсіну сияқты бірқатар ұстанымдар қаралды.

Тарих – бұл оқиғаларды жіпке тізіп, түгендеу немесе күйреу немесе дамудың абстрактылы-хронологиялық жылнамасы да емес. Әр оқиға артында адамдар тұр, өз мүддесі, еркіндік үшін күрескен, болашақ туралы армандары бар халық тұр. Ұлттық мінезді көбіне тарих, тарихи естеліктер қалыптастырады. Тарихты зерделеуге біржақты келуге болмайды. Марат Тәжин атап өткендей, біз көбіне тек қақтығыстарды оқып білеміз. Адамзат тарихы – бұл соғыстар тарихы болып шығатын тәрізді. Бірақ, адамдар тек соғысқан жоқ қой, олар астық өсірді, қалалар тұрғызды, сауда жолдарын ретке келтірді, ғылымды дамытты емес пе? Және осының барлығының үрдісінде қарым-қатынас жасады, мәдениет пен өркениеттің өзара енуі мен баюы жүріп жатты.

Қазақстанның тәуелсіздік жыл­­дарында қазақстандық ға­лым­дар­дың тыңғылықты еңбек­­терінің арқасында таңғалар­лық жаңалықтар ашылды, олар дала мәдениетін мүлдем бас­қаша бағалауға мүмкіндік береді. Мұрағаттардағы шаң басып жатқан құжаттар ашылды, бұрын белгісіз тарихи материалдарға қолжетімділік және басқа мемлекеттер мұра­ғат­тарында жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болды.

Жас ұрпаққа білім бе­ріп жүрген ұстаздар үшін Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың Қазақстан халқына Жол­дауы айрықша өзекті. Елба­сы